$ 448.15  483.46  4.86

ОҚО-да 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын тоқыма фабрикасы ашылмақ

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды шетелдік  «Сяньян тоқыма корпорациясы»  компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шетелдік делегаттарды Сяньян қаласының хатшысы және жалпықытайлық ұлт өкілдерінің жиналыс басшысы Лян Юэ бастап келді.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, тоқыма кластерінде іске асқан бірқатар жобаларды атап өтті.

Қос тарап кездесу барысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тоқыма фабрикасын ашу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Қытайлық делегация өз кезегінде қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, еліміздің әлемдік аренадағы орнына ерекше тоқталып өтті.

Екіжақты келіссөздердің нәтижесі жаман емес. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында оңтүстік өңірінде ашылған кәсіпорындардың қатары тағы бір алпауытпен толығады. Яғни, аталған индустриалды аймақта «Сяньян тоқыма корпорациясы» мен «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС бірлескен тоқыма фабирикасын ашу жоспарлануда. 

Келіссөздер өз деңгейінде жүргізілсе, аталмыш жоба 2017-2019 жылдар аралағында жүзеге асырылатын болады.  Екі кезеңнен тұратын жобаның құны 100 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба жүзеге асқанда 2 мыңнан  астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, шетелдік меймандар өңірге жұмыс сапары барысында «Назар Текстиль», «Бал Текстиль»  және «Әлем БТ» секілді кәсіпорындардың және Оңтүстік өңірінің туристік мүмкіндіктерімен танысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары