$ 444.32  473.33  4.76

ОҚО-да «Тәуелсіздік Тұғырым» деректі фильмі тұңғыш рет көрсетілді

Бүгін Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып жарық көрген «Тәуелсіздік Тұғырым» деректі фильмі тұңғыш рет көрсетілді. Аталған туындыда егемендік жылдарында Елбасымыздың Оңтүстікке жасаған сапарлары мен өңірде атқарылған игілікті істер баяндалған.

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен зиялы қауым өкілдері, облыс ардагерлері мен мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.  

Салтанатты шарада сөз бастаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ширек ғасырлық осынау ұлы думанда мұндай шығармашылық туындылардың жасалып, кейінгі ұрпаққа естелік ретінде қалуы маңызды екеніне тоқталды.

«Тәуелсіздік - тұғырым» деректі фильмінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың облысқа жасаған сапарлары мен өңірімізде атқарылған игілікті істерге қатысты әзірленген. Елбасы оңтүстікке 40-тан астам рет сапар жасаса, тек Түркістан қаласының өзіне 13 рет атбасын бұрып, онда 6 рет Мемлекет басшыларымен ресми кездесулер өткізіпті. Фильмде Елбасының сол кездердегі белгілі бір қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларға байланысты білдірген пікірлері мен айтқан ойлары көрсетілген. Еңбек Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Сақ» киностудиясында жасалған.

Айта кетейік, дәл осы жиында «Тәуелсіздік тебіреністері» шығармалар жинағы мен «Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды сәті» фотоальбомының, «Қазақстан жолы: Ұлт көшбасшысымен бірге 25 жыл бейбітшілік пен жасампаздық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектерінен жинақталған үш кітаптың тұсаукесер рәсімі де өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары