$ 448.15  483.46  4.86

Оңтүстікқазақстандықтың полицейлер Тәуелсіздік мерекесін атап өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай департамент басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ішкі істер органдары ардагерлерінің қатысуымен салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты шараны ОҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сұңғат Тленшин өзінің құттықтау сөзімен ашты. Баяндамасында Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін,  Елбасы басшылығымен жасалған қоғамдық тұрақтылық пен өркендеудің бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылуы арқасында еліміздің өркендеп отырғанын тілге тиек етті.

Қазақстанның Тәуелсіздігінің нығаюында ішкі істер органдарының қосқан үлесі де орасан. Құқықбұзушылықпен, қылмыспен күресуде полиция қызметкерлері кәсіби біліктіліктерін танытып, қызметіне адал болуда. Бұл орайда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауда тәуелсіздік  жылдарында қызмет барасында қаза болған 20-дан аса полиция қызметкері келер ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.

 Мерекелік іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтауда, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ОҚО ІІД-нің 25 қызметкеріне салтанатты түрде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалі табысталды. Олардың қатарында Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі Б.Селтанов, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі У.Жәнібеков, Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Н. Жалғасов және т.б. болды.

 Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 26 полицей және 195 тәртіп сақшысы департамент бастығының бұйрығымен марапатталды. Полиция полковнигі-кезектен тыс шені Көші-қон полиция басқармасының бастығы Нұрдаулет Төлегенұлына берілді.

 Сонымен қатар,  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ағымдағы жылдың 26 қазан мен 11 қараша аралығында өткен «Шығармашыл полицей» байқауының жеңімпаздары да марапатқа ие болды.

Байқаудың негізгі мақсаты қоғамда полиция имиджін көтеру, тәртіп сақшыларының Отанға, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, мәдени тұрғыда дамыту болып табылды. Байқау нәтижесі бойынша 6 полицей, яғни үздік деп танылған мақала авторлары грамоталармен марапатталды.

Салтанатты жиын соңы облыстық эстрада жұлдыздары мен өнерлі жас полицейлердің мерекелік концертімен жалғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары