$ 443.85  474.3  4.8

ОҚО-ның әкімі патрульді полицейлер мен әскери қызметшілерді марапаттады

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО-ның әкімі патрульді полицейлер мен әскери қызметшілерді марапаттады. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бүгін, 2016 жылдың 8 желтоқсан күні Шымкент қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ішкі істер органының және ҚР Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінің жеке құрамымен жалпы гарнизонды саптық жиын өткізілді. Гарнизонды саптық жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев ОҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульді полиция полкі мен әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімі бөлімдердің қызметімен, қару-жарақ пен жабдықтарды үлгілерімен танысты, сондай-ақ одан арғы әріптестік қарым-қатынастағы бағытын анықтады.

Гарнизонды саптық жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ОҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульді полиция полкі мен әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімі бөлімдердің қызметімен, қару-жарақ пен жабдықтарды үлгілерімен танысты, сондай-ақ одан арғы әріптестік қарым-қатынастағы бағытын анықтады. Одан соң облыс әкімі Ж. Түймебаев салтанатты түрде қызметтегі жоғары кәсіби біліктілігі мен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы үздік қызметтері үшін ОҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульді полиция полкі мен әскери бөлімінің 15 қызметкері марапаттады. Шара соңы ОҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция полкі және ҚР Ұлттық гвардиясы жеке құрамының салтанатты шеруімен аяқталды. Ауданның қарулы күштері күнделікті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтары мен бостандықтарын сақтауда үздіксіз қызмет етуде. Тәртіп сақшылары қылмыстылықтан сақтануда азаматтарға көмек көрсетуде әрдайым сапта!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары