$ 444.22  476.38  4.82

Шымкент қаласында Жергілікті полиция қызметі Тұңғыш Президент күніне орай гарнизонды саптық жиын өткізді

Шымкент қаласындағы «Наурыз» жаңа алаңында Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі жеке құрамымен бірыңғай гарнизонды саптық жиын өткізді. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған іс-шарада  жеке құрамның тәртібін тұрақтандыру және облыстағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мереке қарсаңында күшейтілген күн тәртібіне өту қарастырылды.

Гарнизонды саптық жиынға Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ПБ жергілікті полиция қызметі, Шымкент ҚІІБ жол-патрульдік полкінің 700-ге жуық қызметкері және ҚР Ұлттық гвардиясы №6506 әскери бөлімінің 450-ден аса сарбазы қатыстырылды.

Бұл бөлімнің жұмысы күрделі де жауапкершілікті және қиын екенін атап көрсету керек. Себебі олар күнделікті халықпен етене байланыста бола отырып, қылмыскерлерді құрықтайды. Бірақ полиция қызметкерлерінің қажымас еңбектерінің  арқасында азаматтардың құқықтық тәртіптері мен қауіпсіздігі жоғары деңгейде сақталуда.

Айта кетейік, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыста «25 жұлдызды күн» акциясы басталған болатын. Оның аясында өңірде жүздеген іс-шара өтеді. Концерттік бағдарламаларды айтпағанда жастардың қатысуымен түрлі флэшмобтар, шерулер ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл ретте полицейлердің қауіпсіздік деңгейін күшейтуі бекер емес. Өйткені, еліміздің басты мерекесі аса жоғары қауіпсіздік деңгейінде өтуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары