Нұрлы жол 01.12.2016 сағат 07:52

ОҚО ІІД-нің 90-нан астам қызметкері марапатталды

Бүгін ОҚО Ішкі істер департаментінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні - біздің еліміздің тарихында ерекше күн. Ұлттың Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жасалған қоғамдық тұрақтылық пен өркендеудің бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылуы арқасында  еліміздің тәуелсіздігі нығайып, Қазақстан жарқын болашаққа бет алды.

Салтанатты жиынды ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың оңтүстікқазақстандық полицейлерге жолдаған Тұңғыш Президент күнімен құттықтау хатымен ашты. Құттықтау хатта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ерен еңбектері үшін департаменттің жеке құрамына алғыс білдірген. 

Одан ары ОҚО ІІД-нің бастығы полиция полковнигі Ж.Сулейменов салтанатты түрде қызметінде абыройлы және кәсіби біліктілігімен танылған 90-нан аса қызметкерді марапаттады, оның ішінде 19 полицей арнайы ҚР ІІМ-нің бұйрығымен марапатталды. 

Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген салтанатты жиын облыстық эстрада жұлдыздары мен жас өнерлі полицейлердің мерекелік концертімен жалғасты.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында 21 қараша күні «25 жұлдызды күн» акциясы бастау алған болатын. Осы акция аясында өңірде жүздеген мерекелік шаралардың өтуіне байланысты полицейлер қауіпсіздік шараларын күшейтіп отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар