$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО ІІД-ті мұғалімі Шымкент әкімінің алғысхатымен марапатталды

24 қараша күні Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен форумда «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында жазған үздік мақаласы үшін ОҚО Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мұғалімі Ақбота Оспан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың алғыс хатымен марапатталды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Форумның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын насихаттау, тіл – татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін ұғындыру болды.
Мемлекеттіл тіл турасында жазылып, БАҚ-та жарияланған үздік мақалалар авторының жеңімпаздарын марапаттау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды іс-шара» аясында облыстық Опера және балет театрының ғимаратында өткізілді.

Қазақстан полициясының өмірі мен қызметіндегі мемлекеттік тілдің орнын көрсеткен ОҚО ІІД МТжАБ-ның мұғалімі Оспан Ақботаның мақаласын форум ұйымдастырушылары үздік деп таныды. Сондай-ақ, жеңімпаздарға Шымкент қаласы әкімінің алғысхаты мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Айта кетейік, «25 жұлдызды күн» акциясы Оңтүстік Қазақстан облысында 21 қараша күні басталды. Оның аясында өңірде жүздеген іс-шара өтеді деп жоспарлануда. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар, рухани және әдеби кештер, спорттық жарыстар және т.б.

«25 жұлдызды күн» акциясы 15 желтоқсан күні өз мәресіне жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары