$ 446.49  475.38  4.79

Сайрамдық полицейлер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 іс-шара ұйымдастырмақ

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық ІІБ-нің полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуы мерекесіне бағытталған 25 іс-шара ұйымдастырып, өткізуде. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сайрам аудандық ІІБ басшылығы мерекелік іс-шаралар шеңберінде «Қауіпсіз жол», «Менің учаскелік инспекторым», «Таза аудан», «Учаске», «Мал ұрлығына тосқауыл», «Браконьер», «Отбасы», «Салауатты өмір салты», «ІІО ардагерлері» және тағы басқа да акциялар өткізуді жаспарлауда.

Аталған іс-шаралар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, алдын алуға, қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды анықтауға және жол бермеуге, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ЖЖЕ сақтауды насихаттауға, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған.

Өткен демалыста, яғни 19-20 қараша күндері Сайрам АІІБ Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін, сондай-ақ мал ұрлығына жайттарының алдын алу мақсатында аумақта «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Рейдтік кезінде полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол ережесін бұзғанғандарға 84 әкімшілік хаттама толтырды, оның ішінде анықталмаған жерде сауда жасаған – 4 хаттама, тыныштық бұзған – 5, қоғамдық орында алкоголь ішкен – 11, белгіленбеген орында темекі шеккен – 10, үлкендердің ертуінсіз түнгі уақытта көшеде жүрген кәмелетке толмағандар – 6, аумақта абаттандыру ережесін бұзған – 16 және өзге ережебұзушылықтар – 3 хаттама толтырған. Сонымен қатар, жол жұру ережесін бұзған 26 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тәртіп сақшылары автокөлікті масаң күйде басқарған 2 жүргізушіні, құрықтап, автокөліті айыптұрағына жөнелтті.

Сайрам АІІБ ЖПҚ-нің бастығы полиция полковнигі Бахадыр Ахметниязов көрсеткендей, әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу және мал ұрлығына қарсы күреске бағытталған шараға 80-нен аса полиция қызметкері жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары