$ 448.89  477.93  4.76

Шардарада тәуелсіздік құрдастары бас қосты

Олар – еркіндіктің ерке желіне ең алғаш болып, маңдайын тосқандар. Өзектен тепкізіп, өктемдік көрген жоқ. Шардарада Тәуелсіздік құрдастары бас қосты. Дербес елдің дәрменді буыны өздеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін біледі. Елдік мәселелерді талқылады.

Қазақ бодандықтан азат болған жылдары  дүние есігін ашқан сәбилер бұл күнде елімізге арқау болатын жаста. Кезі келсе, кетпен шауып, орайы келсе, орақ оратындай қайрат күшінде. Ауданның ғана емес, еліміздің мәртебесін асырған спортшылар да - жалынды жастар. Шардара ауданының «Жастар ресурстық орталығы» тәуелсіздік құрдастарының басын қосқан жиында бар жетістікті таразыға салды.

Бауыржан Шомпиев – Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- 171 ҚР чемпионы, 96 Азия чемпионы, 21 Азия кубогінің иегерлері, 14 Әлем чемпиондары, 7 Әлем Кубогінің иегерлері, 57 Халықаралық турнирдің жеңімпаздары, 75 спорт шебері, 46 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 2 Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушысы шыққан. Мұның бәрі 25 жылда атқарылған істер. Бұл бір ауданның көрсеткіші. Қазақстанның кейбір облыстары бар, сол облыстарда жоқ көрсеткіш. Оның бәрін жасап отырған өздеріңіз сияқты спортшылар, өздеріңіз сияқты жастар. Сондықтан осы бағытта бәріміз бірлесіп осы жолмен сіздермен бірге жүретін болсақ, Елбасының «Мәңгілік ел» құндылықтарын насихат етіп жүрсек, біз алға қойған мақсатымызға жетеміз...

Алқалы жиында  белсенді жастар Елбасы жолдауындағы мақсат-мүдделерге тоқталды. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жүйелі жоспарларымен, ізгі тілектерімен бөлісті. Басқосуда қоғамның әр саласында салалы еңбек етіп, белсенділік танытқандарға алғыс хат табыс етілді.

Әсем Байташева – жас маман:

- Бізге осы Тәуелсіздікті алып берген ата-бабаларымызға, аға-әпкелерімізге сансыз алғысымды айтамын. Және рахметімді айтамын осы күнді көрсеткені үшін. Және де барлық 1991жылғы құрдастарымды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Осында Елбасымызға үлкен алғысымды айтқым келеді бізге осындай жағдай жасап бергені үшін және де тәуелсіздіктің 25 жылдығында бізге жасаған жақсылықтары үшін бүкіл жастардың атынан рахметімді айтқым келеді аудан басшыларына

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары