$ 449.58  486.94  4.86

100 отбасыға Елбасы атынан азық-түлік себеттері табысталды

Ширек ғасырлық тойда шардаралық жомарттар бір жарады. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында ел қуанышын еселеп, аз қамтамасыз етілген 100 отбасыға Елбасы атынан азық-түлік себеттерін табыс етті.

Шардара ауданының тұрғындары арасындағы ынтымақ пен татулықты нығайту, діни экстремизмнің алдын алу, жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар  дістүрлі түрде ұйымдастырылады. Бұл жиын да солардың бір парасы. Өзгенің ауырын жеңілдетіп, басына түскен қайғыны жеңілдете білу – адамдық қасиеттің ең ұлысы.

Гүлнәр Сапарбекова – Шардара қаласының тұрғыны:

- Мейрам болсын, басқа уақытта болсын, әйтеуір, көмектерін аяп жатқан жоқ біздерден. Барлығына шақырып, болмаса үйге апарып беріп жатыр машинасымен.Бұл кісілерге рахмет. Мына енді тәуелсіздіктің 25 жылдығына да көмегін беріп жатыр екен. Алып жатырмыз Құдайға шүкір. Киім жағынан да сол кісілер әйтеуір бұйырғанын беріп жатыр. Кейбірі өзімізге лайықты болмаса да, балаларымызға алып тұрдық киімді де.

Аудан басшылығының бастамасымен әр мерекеде дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Басты мақсат – біреудің біреуден төмен екендігін көрсету немесе істеген ісінен абырой теру емес, адамдардың жүрегіне имандылық пен мейірімділік, адамгершілік нұрын себу. Бүгінгі ұрпақ алдыңғы аға буынға қарап бой түзейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары