$ 443.85  474.3  4.8

Еңбек екпінділері марапатталды

«Тәуелсіз елім – тірегім, туған тілім – жүрегім»! Торқалы той деп, төлебиліктер де толқыды, терең толғады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы осынау аудан орталығында арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарада әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінгенқызметкерлер марапатталды. «Жыл үздіктері» атанды.

Мерекелік шара көркі көз тартар көрмеден басталды. Салтанатты шара тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтау, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулу, патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған.Ұлық мерекеде жылдар бойы талмай, табан аудармай еңбек еткендердің мерейі үстем болды. Еңбек еленді. Мұны олар тұғырлы тәуелсіздігіміздің тартуы деп біледі. 

Салтанатты шара соңы Төлеби ауданының көркемөнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты. Мыңбұралған бишілер биден шашу шашып, сахна төрінің ажарын ашты.

Азаттықтың арқасында бүгінде Қазақстан төрткүл дүниеге терезесі тең, керегесі кең, ұлт пен ұлыстары тату, экономикасы тұрақты даму үстіндегі болашағы зор мемлекет ретінде танылды.Толайым жетістіктерге жетті.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы Оңтүстік Қазақстан облысында кең ауқымда аталып өтті. 21 қараша күні басталған «25 жұлдызды күн» акциясы 15 желтоқсанға дейін жалғасып, ол жүздеген мерекелік шараны қамтып отыр. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар, рухани және әдеби кештер, спорттық жарыстар, ұлттық спорт турнирлері, қолөнер шеберлерінің және суретшілердің көрмелері, балаларға арналған байқаулар – бәрі де осы 25 күннің шеңберінде өткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары