$ 443.44  480.51  4.88

«Атамекен» оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлерді марапаттады

Шағын және орта кәсіпкерлік - ел экономикасының негізгі тірегі. Осы саланы жандандыруға сеп болып жүрген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы ұжымы мерейлі мерекеге үн қосып, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Кәсіпкерлердің инвестициялық мүмкіндіктерін, жобалары мен бизнес- идеяларын қаржыландыру - ұйымның негізгі мақсаты. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер палатасы іскер азаматтардың құқығын қорғап, нәтижелі көмек көрсетуді көздейді. Атап айтқанда, жыл басынан бері 800-ге жуық азаматқа несие рәсімдеп, кәсіп көзін ашуына демеу болған.  

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасында бүгінде баянды бастамаларға жол ашылған. Оларды қоғам игілігі үшін насихаттауда журналистердің еңбегі ерен. Ширекғасырлық тарихы бар мерекеде «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының редакторы Айжан Әшірхан арнайы марапатқа ие болды. 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында еңбектері еленіп, алғысқа кенеліп жатқан кәсіпкерлердің де  қуанышында шек  жоқ.

Осылайша, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы да ширек ғасырлық мерейлі мерекені салтанатты жағдайда атап өтті. Алдымызда алар асу, бағындырар белес көп. Билік бизнеске даңғыл жол салды. Енді, әлеумет әлеуеті бағытындағы әріптестікке иек артады.

Айта кетейік, Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында облыстың экономикалық, әлеуметтік дамуына үлес қосқан ондаған азамат Елбасының, ОҚО әкімінің және Шымкент әкімінің марапаттарына ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары