$ 439.43  473.31  4.82

ОҚО-да тағы бір өндіріс орны ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір өндіріс орны іске қосылды. Ол – «Оңтүстік» индустриалдық аймағында қоныс тепкен «ҚазЭлМаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бұл – «Оңтүстік» индустриалдық аймағында 43-ші болып ашылған серіктестік. Түсті металл орамаларын шығарып, жоғары тартымдылық  жарылысынан қорғалған электр қондырғыларын жөндеумен  шұғылданады. Кәсіпорынның жалпы жобалық құны -75 миллион теңге.

Нұрғазы Тлеубердиев - «ҚазЭлМаш» ЖШС-нің  директоры:

- Біздің мекемеміз тек индустриалдық аймақта  ғана емес, Қызылорда, Жамбыл облыстарында «Қазфосфат», «Стандарт цемент» секілді басқадай мекемелердің жұмысын істеп береміз. Бір киловаттан 10 мың киловатқа дейін жөндеу жұмысын жсаймыз. Ескі сымды алып тастап, жаңа сым салып береміз. Келешекте электр қозғалтқыштарын түгелімен жасауды жоспарлап отырмыз.

 «Оңтүстік» индустриалдық аймағы – бұрынғы фосфор зауытының орны. Тоқырау жылдары түгелдей жабылып, тозған// өндірістік аймақтың// қазір ажары ашық. 78 миллиард теңгенің 83 инвестициялық жобасы жүзеге асып отыр. Жыл аяғына дейін тағы да 3 жоба іске қосылмақ.

Мұхтар Тұрабеков - «Оңтүстік» индустриалды аймағы» дирекциясының бас директоры:

- Облысымызда 11 индустриалдық аймақ бар. Онда 168 жоба жүзеге асқан. Жалпы, инвестициялық қоры 202 миллиард теңгені құрайды. 16 мың жұмыс орны ашылмақ. Бізде 43 мекеме іске қосылған болса, қалған аудан-қалаларда 54-ке жеткізетін боламыз.

Бүгінгі ашылған кәсіпорынның мүмкіндіктері молшылы. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының электрлі вагондарын жөндеу жұмыстарын да қолға алуға қауқарлы. Қазір бұл ұжым аймақтағы жетекші кәсіпорынның бірінен саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары