$ 443.85  474.3  4.8

Прокурорлар марапатталды

Тәуелсіз елдің 25 жылдық мерейтойын Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорлары салтанатты шарамен атап өтті. Егемендіктің ширек ғасыр толуына орай өз еңбегімен ерекше көзге түскен прокурорлар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Облыс прокурорының орынбасары Батыржан Жәнібеков «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» төсбелгісін кеудесіне тақты. Облыстық проокуратураның басқарма басшысы Бауыржан Бердібеков Елбасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сонымен қатар, «ІІ дәрежелі прокурор үздігі» және Шымкент қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгілер табыс етілді. Жиын барысында тәуелсіздіктің 25 жылында облысымызда еңбек еткен прокурорлар жайында мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтті. Салтанатты жиын соңы прокурорлар дайындаған сахналық көріністер мен концертке ұласты.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы Оңтүстік Қазақстан облысында кең ауқымда аталып өтті. 21 қараша күні басталған «25 жұлдызды күн» акциясы 15 желтоқсанға дейін жалғасып, ол жүздеген мерекелік шараны қамтып отыр. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар, рухани және әдеби кештер, спорттық жарыстар, ұлттық спорт турнирлері, қолөнер шеберлерінің және суретшілердің көрмелері, балаларға арналған байқаулар – бәрі де осы 25 күннің шеңберінде өткізілді.

Сонымен қатар, бұл күндері облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосқан азаматтар түрлі марапаттарға ие болып жатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары