$ 443.85  474.3  4.8

Ширек ғасырда шымкент қалай өзгерді?

Соңғы 25 жылда Шымкент қалай өзгерді?! Қала әкімінің журналистермен өткен баспасөз мәжілісінде осы сұрақтарға жауап алынды. Білгеніміз, қала аумағы 9 есеге ұлғайған. Халық саны 2 еседен аса өсті. Шаһардың бюджеті 110 есеге артқан. 

1991 жылы Шымкент қаласының тұрғындары 400 мыңға жуық болған. Қазір 902 мыңнан асты. Қада шекарасы 13 мың гектардан 117 мың гектарға дейін ұлғайды. Сөйтіп, аумағы жөнінен еліміздегі ең үлкен шаһарға айналды.

Ғабидолла Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі

- 25 жыл ішінде 3,965 мың шаршы метр жаңа тұрғынүйлер пайдалануға берілді. Қалаға көршілес аудандардан 77 мың га жер телімі қосылып, Елбасымыз атап өткендей, агломерациялық қалалар қатарына енді. 

Қалада көпқабатты тұрғынүй құрылысын дамытудағы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2005 жылдан бастап, «Нұрсәт» шағынауданы салынып, 7374 пәтерлі 252 тұрғынүй пайдалануға берілді. Биыл 2051 пәтерлі 24 тұрғынүйдің құрылысы жүргізілуде. Дегенмен, бұл ауданда мектеп пен балабақша тапшы.

Ғабидолла Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі

- Бұл мәселе бізге белгілі 2020 жылға дейін Нұрсәтте балабақша мен мектеп тапшылығы мәселесі толық шешіледі. 5 мектеп, 7 балабақша салынады.

Тәуелсіздік алған жылы Шымкент тұрғындарының 17 пайызы жұмыссыз болған. Қазір бұл көрсеткіш 5 пайыздық деңгейге түскен. Халықтың басым көпшілігі шағын және орта бизнеспен қамтылған. Шымкентте 74819 кәсіпкерлік нысаны бар. Онда 136 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары