$ 448.56  478.03  4.79

«Қазыналы Оңтүстік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Сабақты ине сәтімен. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен «Қазыналы Оңтүстік» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Журналистер одағының облыстық филиалы ұйымдастырған сайыс мақсаты өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен мәдени, тарихи ерекшелігін, жалпы тыныс-тіршілігін насихаттау болатын. Әрі Оңтүстіктің бейнесін бір таңбаға сыйдыратын «ON» визуалдық брендін көпке таныту еді. Байқауға қатысуға әуелде 38 блогер тілек білдіргенімен, 19-ы ғана бәйгеге қосылған. Олар он аталым бойынша Facebook пен  Вконтакте және Instagram  парақшасында материалдар жариялаған. Көптің көкейінен шыққан шығармалар дауыс жинау арқылы бағаланған.  Жүзден  жүйрік деп танылғандар Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталып, қаржылай сертификатқа ие болды.

Болат Төлегенов - облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

– Азаматтық қоғам ретінде – мемелекеттің, тәуелсіздіктің нығаюына ат салысып жүрсіздер. Әлеуметтік желінің пайда болып, пікір жазып жүргендеріңіз соның салдары болуы керек. Өздеріңізбен бірге 4 ай алдын жариялаған «Қазыналы Оңтүстік» байқауы мәреге жетіп отыр. Бүгін сол марапаттау бойынша бас қосып отырмыз. Байқаудың қалай өткені – өздеріңіздің көз алдарыңызда. Жақсы посттар, материалдар жарияланды. Өзіміз де сол жерден керек мәліметтерді алдық. Байқау өз талапатарын толық орындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары