$ 448.15  483.46  4.86

Сарыағаштық студенттер мерекеге орай флэшмоб ұйымдастырды

Ақордадағы ақ тілек «Алға, Қазақстан!» Оңтүтістік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының орталығындағы Абу Али Ибн Сина атындағы медициналық колледж студенттерінің флеш-моб билеуіне түрткі болды. 200-ге жуық белсенді жас Тәуелсіздік тойына осылайша тарту жасады.

Егемен елдің ертеңі – бәсекеге қабілетті жастар. Ал, олардың бойына ұлтжандылықты сіңіру - бірлікте, бір болып атқарар ұлы іс. Өскелең ұрпақ бойына ұлттық рухты  сіңіру  - шараның басты  мақсаты. Бейбіт күнде бейқам ғұмыр кешіп жатқан өрендер тәуелсіздік тұғырын биік етуді мақсат тұтады. Озық тәжірибелі озат ұстаз ғана өз ісіне бесаспап маманды даярлайды. Ал, ондай білікті жастар еңбек нарығында қашанда сұранысқа ие. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ұстаздар қауымы бәсекеге қабілетті шәкірттерімен, сол буынның алаңсыз білім алуына мұрсат берген азат елімен мақтанады.

Анар Қожабаева – «АБУ АЛИ ИБН СИНА» атындағы медициналық колледжі директорының орынбасары

- Қазір жастар өте білімге құштар, барлығы да жақсы маман болып шыққысы келеді. Біздің бүгінгі шарамыздың мақсаты тек ел мерейін үстем еткен тәуелсіздік мерекесіне тарту жасау ғана емес, сондай-ақ, студенттердің өзара ауызбіршілігін нығайту.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында басталған «25 жұлдызды күн» акциясы бүгін өз мәресіне жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары