$ 443.35  475.54  4.82

Жансейіт Түймебаев ҚХА-ның белсенді мүшелерін «Бірлік» алтын медалімен марапаттады

Тәуелсіздікті тойлау бір бөлек. Оның мәңгілік болуын ойлау – өміршең. Бар дүниеден маңызды және жауапты. Елдің кеңдігіне қарап, теңдігін сақтауға күш салған Қазақстан Халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері де айтулы мерекеде елеусіз қалған жоқ.

Сан-сала сақалары мен қым-қуыт тірлікте қаламынан қуат, әдемі сөз жұптауынан шуақ алатын журналистер де осы күні шаттанды. Облыс  әкімі Жансейіт Түймебаев облысымыздың бір топ азаматын мерейтойлық төсбелгілермен марапаттады.    

Тәуелсіздік жылдары 100-ден астам елде Қазақстан елшілігі ашылып, шет мемлекеттермен достастығымыз нығайған. Ел ішіндегі ауызбіршілік өз алдына бір кітап. Сондықтан да, ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен, ел Тәуелсіздігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынас пен патриотизмді қалыптастыруға қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар оңтүстікқазақстандық азамат «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.

Оңтүстік өңір – қазақылық қалпы, бабалар салты сақталған сырсандық мекен. Мұнда Бұқаралық ақпарат құралдары көп. Республикада көш бастайды. Тәуелсіздік тойы қарсаңында ұлттың ұлы құндылығы туралы сия сауыты біткенше жазған, жағы талғанша айтқан тілшілер жағы да марапатталды. Оларға «Тәуелсіздікке 25 жыл» мерекелік медалі табыс етілді.

Тәуелсіздік – сақтың сан жылдық, ғұнның ғұмырлық арманы. Мұқым қазақтың назары, аңсары ауған - көкжиек. Сол көкжиектің тұсы түгесілмесін! Елдің берік іргесі сөгілмесін!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары