$ 439.43  473.31  4.82

250 бала Елбасының сыйлығын алды

Ел тарихына алтын әріппен жазылатын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында облысымыздың 250 оқушысы Елбасының сыйлығын алды. Олардың 10-ы – оқу озаттары, қалғаны – ерекше оқытуды қажет ететін және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар. Бүлдіршіндерге сыйлықты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тапсырды.

Елбасы атынан жеткен жылы киімді облыс әкімі кигізді. Пернехан Тұрарбек Шымкенттегі Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында оқиды. Оқу озаты. Білімді шәкірт болашақта құрылысшы болуды қалайды. Елдің өркендеуіне өзінше үлес қосқысы келетін жас бүгін арнайы сыйлық алғанына разы. 

Пернехан Тұрарбек – оқушы:

- Бүгін мен ағаларымнан курка, жемпір, спартифка алдым. Сол берген сыйлықтарына үлкен рахмет.

Мерекелік кеште балаларға сыйлықтан бөлек, арнайы дастархан жайылды. Әр алуан тәттілер ұсынылды. Ал, салтанатты шараға қатысқан өңір басшысы балғындардың қолөнер туындыларын арнайы көрмеден тамашалап, шығармашылықтарына табыс тіледі. Өз кезегінде өңір басшысы балаларды мерекемен құттықтап, оқушыларға Елбасы өмірін үлгі етті.  

Жансейіт Түймебаев – облыс әкімі:

- Елбасы атқа мінеді, спортпен айналысады, Сіздер де сондай болыңыздар.  Сіздерге амандық тілеймін. Осы егемендігіміздің келесі 50 жылдығында сіздер мемлекетіміздің одан сайын кемелді болуына ат салысыңыздар. Қызмет жасап жүре беріңіздер. Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін.. 

«Бар мейіріміміз – балаларға!».  Осы атауға ие қайырымдылық шарасы бүгін облысымыздың барлық аудан-қаласында ұйымдастырылды. Акция аясында бір күнде 6 мың бүлдіршінге қамқорлық көрсету жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары