$ 448.56  478.03  4.79

Қыз-келіншектердің қоғамдағы белсенділігін арттырып, мәртебесін көтеру – маңызды

Қазақ қоғамында қыз-келіншектердің алатын орны қашанда ерекше. Бала тәрбиесі, үй шаруасы және заман талабына сай қоғамдық қызмет. Соның ішінде нәзік жандылардың мемлекеттік қызметтегі үлес салмағы мен көшбасшылық мүмкіндіктерін арттыру - демократия үрдістеріне құрылған елімізде күннің басты мәселесіне айналды.

Осынау тақырып Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті кеңейтілген отырысында көтерілді. Аталған комиссия Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылап, жаңа жоспарларымен таныстырды.

Жиында әлеуметтік және саяси өмірдегі әйелдердің рөлі, гендерлік теңдік жайы да айтылды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік өңірде басшылық қызметтегі әйелдер қатары өзге өңірлерге қарағанда төмен. Мәселен, облыста түрлі деңгейдегі мәслихаттарда 315  депутат болса, соның 16-сы ғана – қыз-келіншектер. Көпшілік пікірінде қалыптасқандай, мектеп директорларының да басым бөлігі нәзік жандылар емес. Олар өңірдегі 1022 мектептің 20%-ын ғана басқарады.

Бүгінде Республика бойынша барлық облыстарда осы олқылықтардың орнын толтыру үшін «Саясаткер әйелдер клубы» жұмыс істейді. Оның негізгі қызметі – мемлекеттік және саяси-қоғамдық қызметтерге ұсынуға болатын әйелдердің кадрлық қорын қалыптастыру, көшбасшы арулар мектебінің жұмысын ұйымдастыру болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары