$ 447.4  477.55  4.76

Жасыл желек – жанға сая

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында 600 ажамның қатысуымен «Ағаш егу» акциясы өтті. Қала әкімі Мұрат Болатұлының өзі бастап шыққан еңбек ұжымдары шаһар аумағын көріктендіру және абаттандыруды мақсат етіп, қолдарына күрек алды. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Акцияны өткізудегі негізгі мақсат қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.

«Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» деген нақыл сөзді ұстанған қала тұрғындары Арыс-Шымкент бағытындағы жол жиегіне 1500 түп қара тал көшеттері, «Жасыл аймақ» және «Жастар» саябақтарына, «Жеңіс» скверіне  200 сирия розасы, 300 катальпа және 300 талшын (каштан) ағаштарының көшеттерін отырғызды.

«Егерде әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстаса, егілген ағаш көшеттерінің дарақ болып өсуіне жағдай жасаса, үйлерінің қасбеттерін ақтаса Арыс қаласының бұдан да ажарлана түсетіні ақиқат. Сондықтан барлық арыстықтарды қала тазалығына бір кісідей атсалысуға, егілген ағаштарды суарып, баптауға шақырамыз» деді қала әкімі барлық жерлестерін осынау игі істі жалғастыруға шақырып.

Айта кетейік, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Арыс қаласында жаңа дендрарий саябағы ашылады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары