$ 448.15  483.46  4.86

Арыста мемқызметкерлердің кәсібилігін шыңдауға арналған жиын өтті

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен әдебі – бұл мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Мемлекеттік қызметті жаңғырту жүйесіндегі реформалар  мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға  және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.

Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жиын өтті. Айтулы шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған мәжіліске қала әкімі М.Қадырбек, Қазақстан Републикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, мекеме, дербес бөлім басшылары мен жауапты қызметкерлер, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан Републикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әли Амантайұлы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру» тақырыбында баяндама жасап, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.

Айта кетейік, Арыс қаласында мемқызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында оларды облыс орталығына және еліміздің өзге де ірі қалаларына жіберіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер жасалып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары