$ 447.4  477.55  4.76

Арыста кәсіпкерлікті қолдауға арналған жиын өтті

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында республикадағы барлық саланың басшылары жылды және егемендік жылдарындағы жетістіктерін қорытындылап, алға қойған жоспарларымен бөлісуде. Ал, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлердегі филиалдары ел дамуындағы негізгі рольді атқаратын кәсіпкерлер қауымына қолдауын үздіксіз жалғастырып келеді.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласындағы мәдениет үйінде аталған сала мамандарының ұйымдаструымен кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, кәсіпкерлікті дамыту мен кәсіпкерлерге қаржылай және заңдылық тұрғыдан көмек көрсету мақсатында жиын өтті.

Аталған жиынға Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, Оңтүстік Қазақстан облысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры А.Әбубәкіров пен осы саланың мамандары, жергілікті шағын және орта кәсіпкерлер қатысты.

Жиында сөз алған ОҚО «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры А.Әбубәкіров мемлекеттік – жеке әріптестік саласындағы жобаларды дамыту, әкімшілік кедергілерді төмендету, адам ресурстарын дамыту, дуалдық оқу жүйесін қалыптастыру және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағыттарында ақпарат берді. 

Кездесуде кәсіпкерлер палатасы Арыс қалалық филиалының директоры М.Төлебеков 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баяндама жасады. Баяндамада кәсіпкерлерге несие берілгені және оларға жан-жақты заңдылық тұрғыдан қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды.

Кәсіпкерлер жиын соңында өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары