$ 448.89  477.93  4.76

Басты мақсат – кәсіпкерлікті дамыту

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында республикадағы барлық саланың басшылары жылды және егемендік жылдарындағы жетістіктерін қорытындылап, алға қойған жоспарларымен бөлісуде. Ал, ел үкіметі мен оның өңірлердегі өкілдіктері, яғни жергілікті атқарушы органдар ел экономикасының дамуындағы негізгі рольді атқаратын кәсіпкерлер қауымына қолдауын үздіксіз жалғастырып келеді.

Өйткені, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев еліміздегі орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту үшін Үкімет алдына талаптар қойып, ұлттық экономиканың жетекші күшін жанжақты қолдауды, соның ішінде жергілікті кәсіпкерлік-бастамаларды көтермелеуді, ішкі нарықты дамытуды тапсырған болатын.

Бұл ретте аймақтың экономикасының дамуына арыстық кәсіпкерлер өздерінің қомақты үлестерін қосып келеді.

Осы орайда Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламаларының іске асу барысымен танысу мақсатында қаламыздағы бірқатар кәсіпкерлердің үйлерінде болып, кәсіпкерлермен жүздесті.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өз істері, болашақ жоспарларымен бөлісіп, түйіткілді сауалдарға тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктер туралы қосымша ақпараттарға да қол жеткізді.

Кәсіпкерлік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысқан шаһар басшысы М.Қадырбек кәсіпкерлердің іскерлігіне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары