$ 449.58  486.94  4.86

Арыстық әдіскер ОҚО әкімінің марапатына ие болды

Күні кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен «Болашағы жарқын – Оңтүстік жастары» атты форумда Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен мемлекеттік жастар саясаты саласына қосқан үлесі үшін облыс әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының «Алғыс хаты» «Қайырымды жас» номинациясымен Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әдіскері Сарыпбекова Мөлдір Сейсенбекқызы марапатталды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында  «Болашағы жарқын Оңтүстік жастары» өңірлік жастар форумы 1 қараша күні өткен болатын. Шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев, аудан, қала «Жастар ресурстық орталықтарының» жетекшілері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар комитеттері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаттары, республикалық, облыстық жастар ұйымдары мен  облыстағы белсенді жастар және БАҚ өкілдері, барлығы 400-ге жуық азамат қатысты.

Облыстық жастар саясаты басқармасы ұйымдастырған форумда еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен ауыл жастарын бизнеске тарту, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Жиын барысында осы жылдың 1 желтоқсан күні Астана қаласында өтетін республикалық жастар форумына Оңтүстік Қазақстан облысынан 102 делегаттың баратыны анықталды. Сонымен қатар, жылдың үздік сала мамандары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталып, үндеу жарияланды.

Кездесу соңында жастар әкімге кәсіпкерлікпен шұғылдануға қолдау көрсету, шетелдік оқу орындарына грант бөлу, мемлекеттік қызметте сатылай өсу сынды бірқатар сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары