Нұрлы жол 13.11.2016 сағат 09:24

Арыс қаласында «Алтын күз-2016» шарасы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы тоқсан жолдың торабы саналатын Арыс қаласында «Алтын күз-2016» шарасы қорытындыланды. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер арасында өтетін осынау байқауды биыл Монтайтас ауылдық округі жеңіп алды. Бұл туралы Арыс қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Байқау жеңімпазына қала әкімі Мұрат Болатұлы су жаңа «Нива» автокөлігінің кілтін табыстап, бұдан кейін де табысты еңбек етуге шақырды.

«Нағыз еңбек адамы елдің баянды бағы. Біздің алдымызда тұрған міндет те еңбек етемін дегенге қызмет беріп, еңбек адамдарының абыройын асқақтату болып табылады», - деді қала әкімі салтанатты шара барысында.

Сондай-ақ, бұл күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қалалық «Мәдениетім мақтанышым» өнер фестивалінде қала, ауыл өнерпаздары өздерінің концерттік бағдарламалары мен көрмелерін халыққа ұсынған болатын. Қос мерекенің қуанышты сәтінде «Мәдениетім мақтанышым» өнер фестивалінің жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

«Бас жүлдеге» тігілген «Гранта» автокөлігінің кілті Жиделі ауылдық округінің өнерпаздарына табысталды. Сондай-ақ, үздік өнер ұжымдары мен өнерпаздарын «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Айта кетейік, «Алтын күз» байқауы Оңтүстік Қазақстанда жыл сайын өткізіліп, бүгінде дәстүрге айналған. Мұндағы басты мақсат – отандық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерін қолдау болып табылады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар