$ 439.4  473.54  4.76

Тәуелсіздік жетістіктері: Арыста ауылшаруашылық саласының дамуы еселеп өскен

Биыл ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы үкіметтің қабылдаған бағдарламаларын жүзеге асыру аясында, экономикаға серпін беретін жобалардың нәтижесінде, ОҚО Арыс қаласының ауылшаруашылық құрылымдары ағымдағы жылы 8 миллиард 521 миллион 700 мың теңгенің өнімдерін өндірді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мал шаруашылығы бойынша алынған өнімдері бойынша: ірі мүйізді қара малдың саны 31 мың 282 құрап, 2015 жылмен салыстырғанда (109,2%) пайызға, қой мен ешкі 386 мың 409 (107,0%) пайызға, жылқы 10 мың 46 (101,6%) пайызға, құс 62мың 856 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда (100,6%) пайызға артқан. 

2016 жылдың 1 қыркүйегіне шаруашылықтың барлық санаттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері өткен жылмен салыстырғанда: ет –5 мың 161 тоннаны құрап 101,5% пайызға, сүт – 14 мың 416 тоннаны құрап 107,1% пайызға, жұмыртқа – 5 миллион 906 мың дананы құрап, өнім өткен жылмен салыстырғанда 100,5% пайызға артық орындалды. 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма 900 бас ірі қара мал алынуы керек, нақты 905 бас алынды, немесе 100,5% орындалды. 

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма 1000 бас уақ мал алу тапсырылған, нақты 2 мың 102 бас алынды, немесе жоспар 210% орындалды. 

«Құлан» бағдарламасы бойынша межеленген 160 бас жылқы алу жоспарланса, қазіргі таңға 160 бас жылқы алынып, жылдық жоспар 100% орындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары