$ 444.22  476.38  4.82

Арыста тәуелсіздік жылдарының жетістіктері ұлықталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі халқымызға ғасырлар бойы арман болған Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.

Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша жеткен жетістіктер мен көрсеткіштерді халыққа насихаттау мақсатында облыстық ақпараттық насихаттық топтың мүшелері Арыс қаласында болды.

Аталған семинардың мақсаты қатысушылар арқылы, Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері 25 жылда елімізде қол жеткен жетістіктер мен көрсеткіштерді, оның ішінде облыстағы, аудандағы, елді мекендегі оң өзгерістерді әрбір тұрғынға жеткізу, насихаттау болып табылады.

Қала және ауылдық округ тұрғындары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, этномәдени орталықтардың өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысқан жиынды қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай ашып, жүргізіп отырды.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институтының доценті, тарих ғылымдарының докторы Қ.Анарбаев, облыстық  Ішкі саясат басқармасының ақпарат саласына  жауапты қызметкері Г.Исахан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша республикада, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында жеткен жетістіктер көрсеткіштері туралы насихаттап, Тәуелсіздіктің 25 жылында Арыс қаласында жеткен жетістіктер туралы Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Әлібек баяндама жасады.

Семинар барысында қалалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері және белсенді азаматтар облыстық насихаттық топқа алғыстарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары