$ 439.43  473.31  4.82

Байырқұмның баласы – бар қазақтың дарасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан  Көркемсурет Академиясының және Қазақстан тұрмыс-салт, әдет-ғұрып академиясының академигі, қазақтың бір туар мүсіншісі Тілеуберді Мелдешұлының асқаралы 60 жасқа толған мерейтойына орай туған жері Арыс қаласында рухани кеш ұйымдастырылды.

Тілеуберді Мелдешұлы жастайынан өнермен есейіп, еңбексүйгіштік, табандылығының, шеберлігі мен іскерлігінің арқасында биікке көтерілген біртуар тұлға.

«Адам көп дегенде жүз жасайды, мүсін жоқ дегенде мың жасайды» демекші, Тілеуберді Бинашов қазақтың бас балуаны Қажымұхан Мұңайтпасұлының, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің, Қайыр ханның, айбынды Абылай ханның, Әз-Жәнібек ханның,  Кейкі, Қарасай, Маханбет батырлардың, Ыбырай Алтынсарин, Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәншүк  Мәметова, Дінмұхаммед Қонаев, Күләш Байсейітова, Ергөбек ақынның, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуов сынды атақты тұлғалармен қатар тамыры тереңдегі тарихымызбен сусындаған Мұңлық-Зарлықтың және тағы да басқа жүздеген мүсіндердің авторы.   

Елге жасаған еңбегі еленіп Арыс, Ордабасы аудандарының «Құрметті азаматы» атақтарымен марапатталған.

Салтанатты жиынға Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері,  Тілеуберді Бинашовтың дос-жарандары мен туған-туыстары қатысты.

Кездесуде сөз алған шаһар басшысы М.Қадырбек мүсіншіні мерейлі тойымен құттықтап, қазақы дәстүрге сай мерейтой иесінің иығына шапан жапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары