$ 443.85  474.3  4.8

Тәуелсіздікке тарту Жаңа Иқан ауылында да жалғасты

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі өңірлерде айтулы шаралармен жалғасып келеді. Игі шаралардан Түркістан маңындағы ауылдық округтері де шет қалмауда. Ұлттық спорт түрлерін Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс өткізу де шара көркін қыздыра түсуде. Осындай үрдіс Жаңа Иқан ауылында көкпар мен бәйгеден өткен ұлттық спорт ойындарымен жалғасты. Бұл туралы Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталмыш шара ауыл әкімдігі мен демеушілердің қолдауымен өтті. Дүбірлі тойда көкпар салымында түйеден бастап төрт түліктің бәрі болды. Төрт шақырымдық бәйге  де жиылған жұрттың делебесін қоздырумен болды. Жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен марапатталып, ұлттық ойынымызды тамашалауға келген жұртшылыққа арнайы ас та берілді.

«Бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне өткізіліп жатқан  ұлттық спорттық ойындарымыз ауылдың көркін ажарландырып жіберді. Осындай шаралар тек біздің ауылымызда ғана емес, өзге ауылдарда да жалғасын тапса игі. Даланың иісін сағынған жандарға бұл ойындар өте керемет әсер берді деп ойлаймыз», - дейді шараға келген ауыл ақсақалдары.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс аумағында бірқатар спорт шаралар өтуде. Мәселен, республиканың әр аймағынан келген палуандар Шымкентте жиналып, ел кубогін сарапқа салса, журналситер мен блогерлер, мұғалімдер мен мемқызметкерлер шағын футболдан өзара мықтыны анықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары