$ 443.85  474.3  4.8

ҚХА-ның көшпелі отырысы Тәуелсіздік мерейтойына арналды

Бүгін Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ бас ғимаратының Сенаторлар залында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы болып өтті. Айтулы шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Кеңес отырысында облыстық ассамблея хатшылығының қызметкерлері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық қалалық Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің жауапты мамандары мен қалаға қарасты ауылдық округтердің әкімдері, осындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары, Аналар кеңестері мен Үкіметтік емес ұйымдар сынды түрлі бағыттағы қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер қатысты.

Жиынды Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев ашып жүргізді. Сөз алған қала әкімі Ә.Шәріпбекұлы «Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысының Түркістан қаласынан бастау алуы үлкен мақтаныш және жауапкершілік»-екендігін баса айтты.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов  кеңес отырысында қазақ және орыс тілдерінде  баяндама жасады.

Кеңесте билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту, халыққа  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру, олардың талап-тілектерін зерделеу жұмыстары жолға қойылып, тиісті мүшеліктерге табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары