$ 444.32  473.33  4.76

Түркістан - Ақ ордалы құт мекен

Биыл Түркістан қаласының 1516 жылдық мерейтойы мен «Алтын күз» мерекелері Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен орайластырылып тойлануда. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл күні рухани астанамызда үш бірдей нысан ашылды. Атап айтсақ, әкімдіктің ұйымдастыруымен өңір қарияларымен ақпарат құралдарының өкілдері қаладағы индустриалды аймақта орналасқан соңғы үлгідегі жиһаз жасайтын «Grand miks» және жылына 7 млн. дана жұмыртқа, 264 тонна құс етiн өндіретін «Яссы құс» шаруашылығының жұмысымен танысып, 280 орындық «Толағай» балабақшасының лентасын қию рәсіміне куә болды. 

Мерекелі күнге сый ретінде іске қосылған нысандардан соң орталық Есімхан алаңында көпшілікке арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Алдымен қала әкімі Ә.Өсербаев тұрғындарды құттықтап, түрлі саладағы белсенді азаматтарды марапаттады. Сонан соң қалалық мәдениет үйінің және Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасы Түркістан аспанын сазды әнге бөледі. 

Сондай-ақ, алтын күз мерекесінің дәстүріне сай ұйымдастырылған ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде осы саладағы жетістіктер паш етілсе, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі, спорттық іс-шаралар да көпшілік көңілінен шықты.

Айта кетейік, «Алтын күз» мерекесі әр жылдың соңына қарай Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан-қалаларында ұйымдастырылып келеді. Басты мақсат – ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші шаруаларға қолдау көрсетіп, аудан деңгейінде ынталандыру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары