$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіздік сыйы түркістандық тұрғындарға қуаныш сыйлауда

Оңтсүтік Қазақстан облысының көлемінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай аталмыш мереке қарсаңында күн сайын игі шара ұйымдастыру жоспарланған. Осыған орай, бекітілген іс-шара жоспарына сай әр күні ұйымдастрылған істер түркістандықтар үшін ұлық мерекенің ұлылығын паш етуде.

Сол игі бастаманың жалғасы бүгін қаладағы көпқабатты үйлер көптеп шоғырланған Сауран ықшам ауданында өтті. Мұнда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ондағы мақсат тұрғындарға базар бағасынан төмен бағада күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін ұсыну.  

Қалалық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде оннан астам өнім түрлері саудаланды. Жылжымалы базар бағасы нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен болды. Себебі, мұнда алып сатарлар емес, шаруаның өзі өндірген өнімін тікелей тұтынушыға ұсынып отыр.

Айта кетейік, ел Тәкелсіздігінің 25 жылдығына арналған ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкелері Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан-қалаларында ұйымдастырып келеді. Ал, оңтүстікқазақстандық шаруалардың қатысуымен өткен ең үлкен мерекелік жәрмеңке жуырда Астана қаласында өткен болатын. Онда ОҚО-да өндірілген ауылшаруашылық өнімдері, атап айтқанда, көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, күркетауық еті, бақша дақылдары арзандатылған бағада сатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары