$ 447.4  477.55  4.76

Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат» тақырыбында облыстық семинар-кеңес болып өтті. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған.

Аталмыш семинарға қала әкімі Ә.Мақұлбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев, облыс имамының орынбасары М.Естеміров қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Жұмабаев және қала жастарымен мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараны қала әкімінің орынбасары Р.Мыңбаев жүргізіп отырды. Семинар-кеңесті қала әкімі Ә.Мақұлбаев өз сөзімен ашып, ұйымдастырылып отырған іс-шараның маңыздылығына тоқталып, осындай маңызды шараның өтуіне ұйытқы болған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұловқа және облыс өңірінен ақыл кеңестерімен бөлісуге келген қарияларға ризашылығын білдірді. Келесі сөз кезегі облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәу-ленқұловқа берілді. Ол жастарды қазақтың салт дәстүрлерін ұмытпауға, оны дәріптеуге ата-баба дәстүрін одан әрі жалғастыруға шақырды. Сондай-ақ өмірде орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларға тоқталып, жастарды дұрыс жолмен жүруге, тәртіпті тәрбиелі болуға үндеді. Тәуелсіздікке жету жолдары мен тәуелсіздік алған жылдар жайлы және бүгінгі жарқын күндер мен ынтымақ-бірлік туралы кеңінен сөз қозғады. Келесі сөз Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетовке, ардагер Сағынғали Аубакировке, Отырар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзатай Өксікбаевқа, облыс имамының орынбасары Мұхаметжан Естеміров берілді. Мінберге шыққан қариялардың барлығы өмірден жиған тәжірбиелерімен бөлісіп, ел Тәуелсіздігі, ата-баба дәстүрі мен ынтымақ-бірлік туралы сөз қозғады.

Облыстық семинар-кеңеске арнайы келген қатысушыларды Ж.Мәуленқұлов таныстырып өтті. Олар жазушы Еркінбек Тұрысов, Медеу Шерім, Әнуарбек Досанов, Сағынғали Аубакиров, Малик Жүнісбеков, Үрзада Айтөреева, Мырзатай Өксікбаев, Сатыбалды Қырықбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары