$ 448.15  483.46  4.86

Мақтаралда тағы бір жаңа мектеп пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Мақтарал ауданының экономикасымен және ондағы мәселелермен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Мырзашөл өңіріне келді деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бірнеше нысанның жұмысымен танысуға келген Ж.Түймебаев Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Қарақыр ауылынан пайдалануға берілген мектептің ашылу салтанатына қатысты. Осынау әлеуметтік нысан ауыл халқына тәуелсіздікке тарту ретінде беріліп отыр. 200 оқушыға арналған орта мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдайлар жасалған. «Астанаэлектромонтажстрой-2» ЖШС-і мердігер мекеме болып табылады.

Ауданға ат басын бұрған ОҚО әкімі ең алдымен Шардара су қоймасынан су сорғыш насостар арқылы «Достық» каналына ағын су беретін станцияны көрді. Дәл осы станциядан ағын су алатын «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы канал ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Су ресурстар комитетінің тапсырысымен салынған. Республикалық бюджеттен 13, 523 млрд теңгеге салынған канал 2011 жылы пайдалануға берілген. Секундына 60 текше метр су тартатын су сорғыштар 87 мың гектарға жуық алқапты ағын сумен қамтамасыз ете алады. Су сорғыш насостарға модернизация жүргізілетін болса қосымша тағы 34 мың гектардай жерді канал арқылы ағын сумен қамтамасыз ете алады.

Кез келген өңірдің қуаты – ондағы кәсіпкерліктің дамығандығымен тығыз байланысты. Мұны өте жақсы білетін облыс әкімі Ж.Түймебаев Мақтарал ауданындағы кәсіпкерлікпен танысу мақсатында Индустриалды аймақты аралады. Мұндағы «Береке ММА» ЖШС-нің жоба құны 450 млн.теңге тұратын Мақта өңдеу зауыты 2015 жылы қараша айында іске қосылған, сонымен қатар жоба құны 185 млн.теңге тұратын Күріш өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде, одан бөлек «Полиэтилен өндірісі», «Санитарлық-гигеналық заттар өндірісі», «Жеміс-жидекті қайта өңдеу зауыты» жобалары іске асырылмақшы боп жатқан аймақтың инфрақұрылымына республикалық бюджеттен 345 миллион теңге бөлініп, автокөлік жолдары, электрлендіру, ішкі газ құбырлары және басқа да инженерік желілер салынған. 28 гектар аумақты алып жатқан Индустриалды аймақтағы қалған 12 гектар жер телімін тоқыма кластерін дамыту үшін мақтаны терең өңдеу өндірістеріне беру жоспарланған. 

Оңтүстіктің бренді «мақта» болса, сол мақтаның 80 пайызын Мақтарал ауданы өндіріп отыр. Әрине, ғылым мен еңбекті ұштастырған сәтте кез келген қамалды бағындыруға болады. Мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулерді дамыту арқылы отандық бәсекеге қабілетті мақтаның жаңа сорттарын шығару, мақта өндірудің тиімділігін, инновациялық технологияларды өндіріске ендірумен Мақтарал ауданында  Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары айналысып, бірқатар жетістіктерге жетті. Елімізде отандық мақта сорты жоқ еді және біз көрші мемлекеттерге тәуелді едік. 2000 жылдан бастап бәсекеге қабілетті өзіміздің отандық сорттары шыға бастады, қазіргі таңда оларды мақта өндірушілер пайдалана отырып, жалпы егістіктің 85%-на ендірді. Соңғы жылдары институт ғалымдары 30-дан астам инновациялық технологиялар жасап оларды өндіріске ендіруге ұсыныс берді,  48 инновациялық және селекциялық патенттерге,  144 авторлық куәлікке ие болды. Институтта фермерлерге білім тарату орталығы ашылған, мақта өндіретін өңірлерде 5 шаруа шаруашылығының базасында институттың ғылыми жетістіктерін көрсететін алаңдар ұйымдастырылған. Ғалымдар 23 шет ел ғылыми-зерттеу институтарымен және 2 халықаралық ғылыми-зерттеу компанияларымен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Мақтаның өнімділігін жоғарылататын сорттарды шығарып жатқан институт жалпы Қазақстан бойынша мақта шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосуда.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары