$ 446.49  475.38  4.79

ОҚО-ның Тәуелсіздік жылдарында жетістіктері насихатталуда

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша жеткен жетістіктер көрсеткіштерін насихаттау мақсатында құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Мақтарал ауданында болып, халықпен кездесіп, семинар өткізді.

Семинарға облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, т.ғ.к. Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі Исахан Гүлжаухар Серікқызы, қала, кент, ауыл және ауылдық округ әкімдері, білім саласының қызметкерлері, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қатысты.

Семинар барысында «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша республикада, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында жеткен жетістіктер көрсеткіштері туралы Анарбаев Қайрат Сапарханұлы еліміздің егемендік алған 25 жыл ішінде облысымыздың экономикасы қарқынды дамып, оның ішінде индустриялды-инновациялық бағдарламасының белең алып келе жатқанына кеңінен тоқталуда. Сонымен бірге мәдениет, білім, спорт, денсаулық салаларының да көптеген жетістікке жеткенін атап өтіп, халықпен кездесу барысында тәжірбиелерінің әдіс-тәсілдерімен бөлісетін болады.

Айта кетейік, ғалымдар мен педагогтардан, мемлекетік қызметкерлерден құралған ақпараттық түсіндіру топтары бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының аудан-қалаларын аралап, еліміздің, соның ішінде оңтүстік облысының соңғы ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктерін насихаттап жүр. Басты мақсат – Тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтау, халықтың бойындағы патриоттық сезімдерін ояту.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары