$ 447.4  477.55  4.76

Түрленген Түркістан

Ел тәуелсiздiгiн алған ширек ғасыр iшiнде елiмiзде қыруар тiрлiктер атқарылды. Әсiресе, халқымыздың рухани-мәдени өмiрiне серпiлiс беретiн тың жобалар iске асты. Көне жәдiгерлерiмiз жаңғырып, тарихи ескерткiштерге көңiл бөлiндi. Соның бiрi — Қазақ хандығы дәуiрiнде бiрнеше ғасырлар бойы елордаға айналған киелi Түркiстандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесi. Ғұламаның мәңгiлiк мекенi болған көне қаланы әлем халқы түгел  бiледi десек қателеспеймiз. Ұлы Дала елiнде алғашқы болып ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған киелi ғимарат – Түркiстанның өткенi мен бүгiнiнiң тарихи куәсi. Зауалды замандар мен ғасырлар теперiшiне төтеп берген шығыс шаһары елiмiз тәуелсiздiк алған соң түрленiп, еңсесiн қайта тiктедi.

Қазiргi Түркiстанның келбетi заман талабына сай көркейiп, архитектуралық сәндiлiгiмен ерекшеленедi. Қалада бой көтерген  Бекзат Саттарханов атындағы спорт-сауықтыру кешенi, тарихи-этнографиялық мұражай, зәулiм мешiт, қонақүйлер мен гүлзарлар, саяжайлар қала көркiне ажар бере түскендей.

Қаланың сауда-саттық орындары да ежелгi Ұлы Жiбек жолының дәстүрiн жалғастырып, келушiлердi өзiне тарта түседi.  Түркiстанға алыс-жақын шетелдерден, елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келушiлер көп. Болашақта олардың қатары бұдан да көбейе түсетiнi сөзсiз. Сондықтан Түркiстанда туризмдi дамытуға баса көңiл бөлiнуде.  Ол үшiн инфрақұрылымдар жүйесiн дамытып, өңiрге келушiлерге қолайлы жағдайлар туғызу қолға алынды.

Бақытжан  БӨКЕБАЕВ, Түркiстан қаласы әкiмдiгi iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Ұлы бабамыздың iзгi жолы
Келесі жаңалық
Ардагерлер үйi ашылды