$ 448.15  483.46  4.86

Ардагерлер үйi ашылды

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы мерекесi мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiне орай ардагерлер үйiнiң ғимараты пайдалануға берiлдi. Ғимараттың бой көтеруiне ауданымыздың жомарт жанды айтулы азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты Мағауия Тұрысбеков қаржы бөлiп, демеушiлiк көрсеттi.

Заманауи үлгiде салынған ғимараттың жалпы аумағы 263 шаршы метрдi құрайды. Мәжiлiс ардагерлерiне арналған демалыс бөлмесi бар. Аудан әкiмi Мақсат Исаев ардагерлердi жаңа ғимараттың пайдалануға берiлуiмен құттықтады. Ардагерлер үйiн салып берген Мағауия Сексенбайұлын «Елеулi еңбегi үшiн» медалiмен марапаттады.

Аудан басшысы, сондай-ақ, ғимараттың iшкi жабдықтарына демеушiлiк танытқан «Таукент-Сауран» ЖШС басшысы Ержан Мұхановты, «Қаратау» ЖШС басшысы Қанат Құдайбергендi, «Бибо» компаниясының басшысы Батырхан Таңатовты марапаттады.

Ардагерлердiң қуанышын бөлiсуге облыстық мәслихаттың депутаттары М.Тұрысбеков, Т.Баймаханов қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Қ.Еспенбетов демеушiлерге алғысын жеткiздi.

Айта кетелiк, облыстық мәслихаттың депутаты М.Тұрысбеков осыған дейiн «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратын өз қаржысы есебiнен салып берген болатын.

Жалпы, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысыныда бірнеше әлеуметтік нысан ашылып үлгерді. Олардың қатарында балабақшалар көп. Сондай-ақ, өңірдің кей аудандарында мектептер де пайдалануға берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары