$ 447.4  477.55  4.76

Кентаулықтар белсендi

Ел еге­мендiгiн алған 25 жыл­дың iшiнде Кентау қаласындағы кiтап­ха­на­лар жүйе­сiнде жағым­ды жаңалықтар көп бол­ды. Мұндағы жа­салған мүм­кiндiктер кiтап­ха­на­шы­ларға да, оқыр­манға да үлкен ша­ра­па­тын тигiзу­де.

Кiтап­ха­на жүйесi бой­ын­ша кiтап қоры жыл­дан-жылға ұлғай­ып ке­ледi. Оның iшiнде мем­ле­кеттiк тiлдегi кiтап­тар да көбейе түсу­де. Қазақ тiлiнде кiтап­тар­дың са­ны 1991 жыл­дан берi 60687 да­наға артқан.

Кiтап­ха­на­да РА­БИС бағдар­ла­ма­сы ор­на­ты­лып, кiтап қоры эле­к­трон­ды ка­та­логқа енгiзiлдi. Жаңа­дан келiп түсетiн кiтап­тар­дың 90 пай­ы­зы мем­ле­кеттiк тiлде болған­дықтан, оқыр­ман­дар та­ра­пы­нан жоғары сұра­нысқа ие.

1999 жы­лы Бай­ыл­дыр ау­ы­лын­да №5, 2007 жы­лы Ащы­сай ау­ы­лын­да №7, 2008 жы­лы Бүргем елдi ме­кенiнде №8 кiтап­ха­на-фи­ли­а­лы ашы­лып, ел игiлiгiне берiлдi. Ал, 2015 жы­лы ор­та­лық кiтап­ха­на­да мүмкiндiгi шек­те­улi аза­мат­тарға ар­налған оқу за­лы ашыл­ды. Он­да кiтап­тар­дан бөлек, шах­мат, дой­бы, тоғызқұма­лақ секiлдi ин­тел­лек­ту­ал­ды үстел ой­ын­да­рын ой­науға жағдай жа­сал­ды. Мүмкiндiгi шек­те­улi жан­дар­дың ке­дергiсiз кiрiп-шығуы үшiн үш кiтап­ха­наға пан­дус ор­на­тыл­ды.

Би­ыл қала­лық ор­та­лық кiтап­ха­на ағым­дағы жөнде­у­ден өттi.

— Кiтап­ха­на­шы­лар да жыл сай­ын об­лы­с­та, ре­с­пуб­ли­ка­да ар­найы курстар­дан өтiп, бiлiктiлiгiн жоға­ры­­ла­ту­да, — дейдi Кен­тау қала­лық ор­та­лықтан­ды­рылған кiтап­ха­на­лар жүйе­сiнiң ди­рек­то­ры Гүлнар Ко­ку­ло­ва.

Бүгiнде, кiтап­ха­на­да оқыр­ман­дарға қолай­лы жағдай жа­салған. Мәде­ни-көпшiлiк ша­ра­лар, жергi­лiктi  ақын-жа­зу­шы­лар­мен кез­де­су­лер, кiтап көрме­лерi, байқау­лар жиi-жиi ұйым­да­с­ты­ры­лып тұра­ды. Соң­ғы 4-5 жыл­дың көлемiнде «Көш­­пелi кiтап көрмесiн» өткiзу iсi қолға алын­ды. Он­да кiтап­ха­на­шы­лар әрбiр ме­ке­ме­ге ба­рып, күнде­лiктi күйбең тiршiлiктен қолы бо­са­май­тын қыз­мет­кер­лердi жаңа кi­тап­тар­мен та­ны­с­ты­ра­ды. Ол ту­ра­лы кең көлем­де мәлiмет бе­редi.

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жыл­ды­ғына орай «25 кiтап оқимыз» тақы­ры­бын­да  жасөспiрiмдер  ара­сын­да өткен кiтап оқу ма­ра­фо­ны­на және ре­с­пуб­ли­ка­лық «Бiр ел – бiр кiтап» ак­ци­я­сы­на да кен­та­у­лықтар бел­сендiлiкпен қаты­су­да.

Қай­рат ЗАЙ­НИ­ШЕВ. Кентау қаласы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары