$ 448.56  478.03  4.79

Ширек ғасыр жемiсiн жүйелер жыл

Тәуелсiздiк жылдарында  Қазақстанның  әлемдiк аренадағы тұғыры биiктей түстi. Қазақ елiнiң бейбiт мақсаттағы игi идеялары төрткүл дүниенiң түкпiр-түкпiрiнен қолдау тапты.  Жаїандық бастамалардың  ұйытқысы болып, көшбасшы елдер қатарынан көрiндi. Ширек ғасыр iшiнде ел экономикасы да қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты айтарлықтай жақсарды.

Ал, елiмiз үшiн 2016 жыл ерекше жыл болды.  Биыл — Тәуелсiздiгiмiзге 25 жыл. Ендеше, тәуелсiздiк жылдары тарихында  олжалы жыл болған  2016 жылдың ерекше оқиғаларына тоқталайық.

Елiмiзде 1 қаңтардан «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындау  кезеңi басталды.  Мемлекеттi, экономика мен қоғамды дамыту үшiн қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшiне ендi. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары — қазақстандық арманға бастайтын жол» деген тақырыппен бағдарламалық мақаласын жариялаған едi.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегi ең озық отыз елдiң қатарына ену туралы идеясы да осындай мұрат-мақсаттармен астасып жатыр.   Әлемдегi дамыған отыз елдiң қатарынан көрiну үшiн де елдiң экономикасы еңселi, халықтың әлеуметтiк жағдайы әлеуеттi болуы тиiс.  Елбасының мемлекеттiң алдағы уақытта iске асыруға тиiс реформалары: Мемлекеттiк аппараттың тиiмдiлiгiн арттыру, тәуелсiз сот төрелiгi мен Қазақстанның бүкiл құқық қорғау жүйесiнiң тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртiбiн нығайту, индустрияландыру мен экономикалық өсiмдi қамтамасыз ету, транспаренттi және есеп беретiн мемлекет қалыптастыру сияқты реформалардың қай-қайсысы да заманауи мемлекеттiң басты құндылықтары болып табылады. Мемлекет басшысы осындай қадау-қадау реформаларды жүзеге асыру арқылы Қазақ елiнiң мерейiн асырып қана қоймай, қазiргi өркениеттiң төрiнен оның өзiне лайықты орнын алуға ықпал ететiнi айқын. 

2016 жылдың басында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсi депутаттарының Парламент Мәжiлiсi мен барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының мерзiмiнен бұрын сайлауын өткiзу туралы бастама көтерген Үндеуi жарияланды. Әрине, сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдарда  Елбасы осы жолдағы келелi мәселенi жұртшылықпен, үзеңгiлестерiмен кеңiнен талқылап, өз ақыл таразысынан өткiзiп барып бiр тоқтамға келдi. Мемлекет басшысы Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы Қабиболла Жақыповпен және Премьер-министр Кәрiм Мәсiмовпен, Конституциялық Кеңестiң төрағасы Игорь Роговпен кеңесiп, олардың пiкiрлерiн тыңдады. Конституциялық кеңес төрағасы Мәжiлiске кезектен тыс сайлауды алдағы барлық деңгейдегi мәслихаттар сайлауымен бiр мезгiлде өткiзу Конституциялық нормаларға толық сай келетiнiн атап өттi. Сонымен,  бесiншi шақырылымдағы Парламент Мәжiлiсiн тарату және Парламент Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын жариялады. Соның негiзiнде партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызда, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауы 21 наурызда өттi. Әлемдi алаңдатқан қаржылық дағдарысқа  қарамастан Қазақстан халқы тұтастығын көрсетiп, кезектен тыс сайлауда дауыс беруге белсене қатысты. Сонымен, 20 наурызда партиялық тiзiммен өткен сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы – 84, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 7, Қазақстан коммунистiк халық партиясы 7 мандатты иемдендi.

Жоғарыда айтып өткенiмiздей, биылғы сәуiр айында Елбасы тағы бiр жаїандық бастама көтердi. Вашингтонда өткен ядролық қауiпсiздiк жөнiндегi саммит аясында жариялаған «Әлем. ХХI ғасыр» манифесi әлем саясаткерлерi тарапынан мойындалды. Қазақстан Президентi осы манифест арқылы халықаралық қоғамдастықты келешектi ойлауға, планетамызды радиоактивтi материалдардың үйiндiсiне айналу қатерiнен сақтауға шақырып, нақтылы ұсыныстарын алға тартты.

Қауiпсiздiк Кеңесi демекшi, Қазақстанның БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелiгiне сайлануының өзi биылғы жылдың еншiсiндегi ерекше олжа деп айтар едiк. Бұл туралы 2016 жылғы 26 маусымда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс берудiң нәтижесiнде мәлiм болды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Үндеу жариялады.

Бұл жылы да мемлекеттiк деңгейдегi кездесулер мен ресми сапарлар өз жалғасын тапты. Қыркүйек айының басында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннiң шақыруымен Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен G-20 саммитiне қатысты. Бұл ұйымға жер жүзiндегi халықтың 70 пайызын және әлемдiк экономиканың жартысын қамтитын мемлекеттер кiредi. Сондықтан «Үлкен жиырмалық» аталатын әлемдегi iргелi ұйымның басқосуына қатысу, оған қоса, саммитте Елбасының сөз алуы – Қазақстан үшiн үлкен оқиға.

Спортсүйер қауым үшiн де бұл жыл берекелi белестердi бағындырумен есте қалды. Риода өткен олимпиадалық ойындарға елiмiздiң  атынан 104 спортшы қатысып, барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күмiс, 9 қола)  жеңiп алып, ел спорты тарихында күмiс және жалпы жүлделер санынан рекордтық көрсеткiшке қол жеткiздi.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қала халқының жан басына шаққандағы тиесiлi жалпы өңiрлiк өнiм 29 мың АҚШ долларын құрады. Бұл – Орталық және Шығыс Еуропаның астаналары мен iрi қалаларының деңгейiмен шамалас деген сөз. Жыл сайын адамдардың өмiр сүру көрсеткiшi жақсаруда.

Жыл жаңалықтары әлi де толастар емес. Соның бiрi — Тәуелсiздiк Декларациясының қабылдануы. Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы қарсаңындағы Парламент палаталарының бiрлескен отырысында қабылданған Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналған Декларацияның орны бөлек. Ширек ғасырдың қорытынды құжаты iспеттi. Декларацияда «Тәуелсiз Қазақстанның барлық жетiстiктерi мен жеңiстерi Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi – Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың тегеурiндi және дана басшылығымен әрбiр қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегiнiң нәтижесiнде мүмкiн болды. Президент Н.Назарбаевтың саяси ерiк-жiгерi және стратегиялық көрегендiгi дамудың қазақстандық үлгiсiнiң табысты болуын айқындап, Қазақстанның орнықты өсiп-өркендеу жолына шығуына мүмкiндiк тудырды» делiнген. Демек, Тәуелсiздiк Декларациясында Елбасыға берiлген баға – шынайы баға.

Мiне, осылайша ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын қорытындылаған 2016 жыл жасампаз жетiстiктермен, жеңiмпаз үрдiстермен, есте қаларлық оқиғалармен тарих қойнауына енiп барады. Ширек ғасыр iшiнде елiмiзде атқарылған шаруаларды тiзбектедiк. Даму деңгейiмiздi бағамдадық.

Мәңгiлiк елдiң Тәуелсiздiгi тұғырлы болсын!

«Оңтүстік Қазақстан»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары