$ 444.22  476.38  4.82

«Түркiстандықтар Елбасыға ерекше алғыс айтады»

Түркiстан қаласының әкiмi Ә.Өсербаев Қарашық ауылы мен қаланың бiрқатар шағынаудандарында болды. Қала басшысы тұрғындар үшiн жасалған игiлiктi шаралардың барлығы да Елбасымыз Н.Назарбаевтың елiне деген қамқорлығы мен салиқалы саясатының арқасында жүзеге асқанын атап айтты.

Сонымен қатар, соңғы 25 жылда Қазақстанның жеткен жетістіктері де тікелей Мемлекет басшысының еңбегімен келді дейді олар. Осы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында түркістадықтар Елбасыға ерекше алғысын білдіріп отыр.

– Өткен жиырма бес жыл iшiнде бiз көптеген белестердi бағындырдық. Соның iшiнде қаламыз бен оған қарасты ауылдарда жол салынып, су құбырлары тартылды. Соның нәтижесiнде қала аумағында таза ауызсу тұтыну көрсеткiшi 80 пайыздан асып отыр. Тәуелсiздiк алған алғашқы жылдары қалада ғана су жүйелерi болды. Бүгiнде 35 елдi мекеннiң 26-сында су жүйелерi бар. Сонымен бiрге, электр жарығы қалыпқа келтiрiлiп, сапасы жақсарды. Ауызсу, электр қуаты және жол – экономикамыздың күре тамыры. Сондықтан елiмiзде атқарылып жатқан дәл осындай сан мыңдаған жұмыстың арасында Түркiстан қаласына да ерекше көңiл бөлiп отырған Мемлекет басшысына ерекше алғыс айтуымыз керек, — дедi Ә.Өсербаев.

Биыл қаланың ауызсумен қамтамасыз ету құрылыстарына 2 611,4 млн., ал, электрмен қамтамасыз ету құрылыстарына 1 133,2 млн. теңге бөлiнiп,  тұрғындар игiлiгi үшiн жұмсалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары