$ 444.22  476.38  4.82

Бiр ұжымда — үш Нұрсұлтан!

Қазақ елiнде Нұрсұлтан есiмдi қарадомалақтардың  көбейiп келе жатқаны қандай қуанышты!  Өйткенi, Ұлт Көшбасшысы — Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев   — әлем мойындаған тұлға. Тәуелсiз Қазақстанды, қазақ деген  халықты жер жүзiне танытқан  кемеңгер. Қазiр елiмiзде   Нұрсұлтан есiмiн иеленген бiрнеше мыңдаған жас сан түрлi салада еңбек етедi. Олардың басым көпшiлiгi биыл 25 жылдығын атап өткелi отырған  Тәуелсiздiктiң құрдастары. 

Бiздiң Қаратау ауданы әкiмi аппаратында үш бiрдей Нұрсұлтан есiмдi жас мемлекеттiк қызмет атқарып  жүр.  Мәселен, Нұрсұлтан Ахметов – халықпен жұмыс жүргiзу бөлiмiнiң бас маманы.   Оны  «Нұрсәт» шағынауданының тұрғындары жақсы таниды. Коммуналдық салаларға қатысты мәселелер туындаса   алдымен  Нұрсұлтанды iздейдi. Жылу беру маусымы басталғаннан берi  бұл жiгiтте тыным жоқ.   

Ал, Нұрсұлтан Пердебаев — кәсiпкерлiктi қолдау бөлiмiнiң маманы. Аудан аумағына қарасты елдi мекендерде ретсiз сауда, заңсыз жарнамаларға жол  бермеу мақсатында түсiндiру жұмыстарын жүргiзiп, жаңадан iсiн бастаған кәсiпкерлерге кәсiбiн дамытуға қолдау көрсетедi. 

Нұрсұлтан Мырзаханов  — университет қабырғасынан кейiн конкурс арқылы  Қаратау ауданы әкiмi аппаратына қабылданып, еңбек жолын осы ұжымнан бастаған ең жас мемлекеттiк қызметшi. Инфрақұрылым және көрiктендiру бөлiмiнiң бас маманы ретiнде бұл саланың қыр-сырын жете меңгеруде.  Үш Нұрсұлтан да әрiптестерi арасында еңбекқорлығымен, өз мiндеттерiне деген тиянақтылығымен және жауапкершiлiгiмен ерекшеленедi.

Адамның  өмiрбаянына азан шақырып қойылған есiмiнiң  де  ықпалы болатыны рас па дерсiң.  Өйткенi, Нұрсұлтанның үшеуi де  бала күнiнен Елбасыға елiктеп, өскенде халқына  қызмет етудi мақсат тұтқан екен. Бүгiнде олар сол iзгi мұраттың  жолында келедi.

Алма СМАҒҰЛҚЫЗЫ, Қаратау ауданы әкiмi аппаратының  қызметкерi. Шымкент қаласы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары