$ 444.32  473.33  4.76

Сынып жетекшiлерiнiң семинары

Маяқұм ауылында ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы аясында «Мемлекеттiк шекара – Тәуелсiздiк тiрегi» тақырыбында сынып жетекшiлерiнiң аудандық семинары өттi. Мектеп оқушыларын отансүйгiштiкке, адамгершiлiкке, әсемдiкке және iзденiмпаздыққа шақыру мақсатында өткен шараға аудандағы бiлiм беру мекемелерiнiң сынып жетекшiлерi қатысты.

Семинарды аудан әкiмi Ерлан Айтаханов ашып, ұстаздар қауымын ширек ғасырлық мерейлi мерекемiзбен құттықтады. Iс-шараның тақырыбына сай өткiзiлген «Менiң Отаным — Қазақстан», «Тұғыры биiк Тәуелсiз елдiң шекарасы» атты тренингтер мен тәрбие сағаттарына аудан басшысы арнайы қатысып, семинардың өту барысына өзiнiң жылы пiкiрiн бiлдiрдi.

Аудандағы бiлiм беру мекемелерiнен 29 сынып жетекшiсi қатысқан шарада ұстаздар тың тәжiрибелерiмен бөлiсiп, жаңашыл идеяларын ортаға салды.

Айта кетейік, 21 қарашадан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында «Ұлы дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» атты 25 жұлдызды күн акциясы өтіп жатыр. Оның аясында бүгінге дейін ондаған іс-шара өтіп үлгерді. 15 желтоқсанға дейін жалғасатын осынау акция барысында тек концерттік бағдарламалар емес, сондай-ақ, рухани, әдеби кештер, спорттық сайыстар, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері және өзге де мерекелік шаралар өтеді деп жоспарлануда. Басты мақсат – мерейлі мерейтойды жоғары деңгейде атап өтіп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары