$ 446.49  475.38  4.79

Табиғаттың жас жанашырлары

«Экологиялық   орталық» МКҚК ұйымдастыруымен оқушылар арасында   шығарма  жазудан облыстық байқау өттi. Айтулы іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған.

 «Өмiр тамшысы» және «Бұлттарға айтыңдаршы, құстар» атты тақырыпта өткiзiлген байқаудың негiзгi мақсаты – балаларды табиғат туралы әңгiме, өлең құрастыра бiлуге, жануарларға қамқор болуға тәрбиелей отырып экологиялық тәртiптiң негiздерiн үйрету.

Сайысқа облыс бойынша 5-10-сынып оқушыларынан 312 жұмыс келiп түстi. «Өрлеу»  «БАҰО» АҚ филиалы  ОҚО  бойынша  педагог-кадрлардың  бiлiктiлiгiн  арттыру  институтының   және М.Әуезов   атындағы  ОҚМУ-дiң  аға  оқытушылары сарапқа салған шығармалардың арасынан үздiгiн анықтау оңай болған жоқ. 

Мысалы, «Өмiр тамшысы» тақырыбы бойынша ауызсудың жетiспеушiлiгi, суды үнемдеуге деген көзқарасымызды қалай өзгертуге болатындығы, су ресурстарын қорғап қалу баршамыздың мiндетiмiз екендiгi сөз болды. «Бұлттарға айтыңдаршы, құстар» шығарма сайысында туған өлкенiң сұлулығы, қоршаған ортаны қорғау, автокөлiктердiң атмосфералық ауаны ластауы туралы мәселелердi оқушылар өлеңмен өрнектеп бердi.

Қазылар алқасының шешiмiмен «Бұлттарға айтыңдаршы, құстар» тақырыбы бойынша I орынды Бәйдiбек ауданынан келген Гүлжауһар Бажақай иеленсе, «Өмiр тамшысы» тақырыбында өткен сайысы бойынша шымкенттiк Ақгүлiм Ақжол жеңiмпаз деп танылды.

Ж.Исмаилова, ОҚО «Экологиялық орталық» МКҚК бөлiм меңгерушiсi.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары