$ 443.85  474.3  4.8

«Елiмнiң тағдыры – менiң тағдырым»

Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институтында ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай облыстық iшкi саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Елiмнiң тағдыры – менiң тағдырым» атты аймақтық форум өттi. Форумға ОҚО жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi басқармасының мамандары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМФА, ОҚПУ және М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ студенттерi қатысты.

– Биыл осынау айтулы мереке қарсаңында елiмiзде көптеген тарихи, мәдени iс-шаралар өткiзiлуде. Соның бiрi – аймақтық жастар форумы. Форумға облыстағы саяси, мәдени, әлеуметтiк мәселелерге үлес қосып жүрген жоғары оқу орындарының студенттерi шақырту алды. Тәуелсiздiктi алу бар да, оны сақтап қалу бар. Ол үшiн келешегiмiз кемелдi болуы тиiс. Бiз бiлiмдi, бiлiктi ұрпақты тәрбиелеуiмiз керек, – дедi ОҚМПИ-дiң бiрiншi проректоры-оқу iсi жөнiндегi проректоры Баршагүл Исабек.

Форум барысында мемлекетiмiздiң 25 жыл iшiнде жеткен жетiстiктерi, жастардың жарқын болашағы мен ел алдындағы жауапкершiлiктерi туралы кеңiнен сөз болды. Елдiң қоғамдық-саяси өмiрiне белсендi араласып жүрген жастар облыстық iшкi саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде жастардың белсенділігі ерекше. Мектеп оқушылары мен колледж және университет жастары тарапынан түрлі басқосулар өтіп, тәуелсіздіктің жетістіктері насихатталуда. Сонымен қатар, жастар флешмобтар ұйымдастырып, қоғам назарын осынау мерейлі мерекеге аударып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары