$ 443.85  474.3  4.8

Әскери борышын өтеуге аттанды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Шымкенттегі №35748 әскери  бөлiмiнде  әскер қатарына шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсiмi өттi. Жиынға болашақ сарбаздардың ата-аналары, ардагерлер, С. Рахымов атындағы «Жас Ұлан» мектебiнiң тәрбиеленушiлерi мен қала жастары жиналды.

Күзгi әскери шақырылым бойынша облысымыздан 2000-ға жуық сарбаз аттанбақ. Ал, Отан алдындағы борышын өтеуге жиналған мұндағы 55 жас Отар елдi мекенiндегi құрлықтағы әскер бөлiмшелерiне қызметiн өтеуге барады. Салтанатты жиында сөз алған облыс әкiмi Ж.Түймебаев елiмiздi қорғау әрбiр азаматтың қасиеттi борышы екенiн атап өттi.

– Ата-бабаларымыз көкiрегiнде намысы, бойында күш-қуаты бар, Отан үшiн отқа түсетiн ұрпақ өсiрдi. Солардың бүгiнгi ұрпақтары қазiргi таңда Қазақстан әскерiн жасақтап, толықтыруда. Олар – бiздiң айбынымыз. Оңтүстiктен көптеген қолбасшылар, майдангерлер,  батырлар шыққан. Әр адам Отанын сүюдi өзiнен бастаса ғана нәтиже шығады, ел дамып, жер көркейедi. Отан алдындағы борышын өтеудi парызым деп санаған сарбаздарға ақ жол тiлей отырып, қоғамымыздың тыныштығын күзетуде ерекше қызмет жасайды деген сенiмдемiн, – дедi облыс әкiмi.

Ал, әскери бөлiмнiң мерзiмдi әскери қызметшiсi М.Жақсылықов болашақ сарбаздарға ақ тiлегiн айтып, патриоттық өлең арнады. Одан соң №20030 әскери бөлiмiнiң барлау тобы мен №35748  әскери бөлiмiнiң жауынгерлiк дайындықтары көрсетiлiп,  жиналғандарға оркестрдiң сүйемелдеуiмен концерттiк бағдарлама ұсынылды.

Облыс әкiмi мен iс-шараға қатысушылар алаңға қойылған қару-жарақтармен, әскери техника түрлерiмен танысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары