$ 444.22  476.38  4.82

700-дей тұрғын тексеруден өттi

Шымкент қаласында облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы акция өткiздi. Бұл акция ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр. Iс-шара аясында бiлiктi дәрiгерлер Шымкент темiржол вокзалы мен «Самал» автовокзалында тұрғындарды қабылдады.

Елбасы Жолдауындағы 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын орындау мақсатында өткен акция «Халықаралық темекiден бас тарту күнi» мен  «Дүниежүзiлiк қант диабетiмен күрес күнiне» арналды. Акцияда бiлiктi нарколог-дәрiгерлер мен эндокринологиялық диспансердiң мамандары тұрғындардан сынаманы тегiн қабылдап, дәрiгерлiк кеңес бердi. Облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлерi жұртшылыққа темекi мен қант диабетiнен сақтану жолдары жазылған ақпараттық парақшалар таратты.

Аурумен күрестен бұрын сол дерттердiң алдын алуды көздеген дәрiгерлер мен мамандар темiржол вокзалы маңында 200 адамды тексеруден өткiзсе, ал, «Самал» автовокзалында 500-ден астам тұрғын дәрiгерлiк кеңеске жүгiндi. Облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының мамандары алдағы уақытта да мұндай iс-шаралар жалғасын табатынын айтады.

– Қазiр қант диабетiне шалдыққандар көбейiп барады. Сол үшiн ең алдымен жүйкенi сақтап, орынсыз күйзелiстерге түспеу керек. Дәрiгерге жиi тексерiлiп тұрған абзал. Өкiнiшке қарай, жасөспiрiмдер арасында да темекi тартатындар азаймай отыр. Бұл да алаңдатарлық мәселе. Сондықтан бiз профилактикалық шараларды күшейтудемiз, – дейдi дәрiгерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары