$ 441.66  475.14  4.86

Абылай хан туралы тың деректер айтылды

Облыстық тарихи өлкетану мұражайында ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына және Абылай ханның 305 жылдығына орай «Қазақ хандарының тарихи тұлғасы – Абылай хан» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжiлiсi өттi.

Алқалы жиында елiмiзге белгiлi археолог ғалым, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев, ғалымдар Сағынғали Әбубәкiров, Нариман Нұрпейiсов,  Гаухарбек Тiлеуқұлов, Сәкен Мәжiмбеков баяндама жасады. Абылай ханның қазақ елiнiң айбынын асыру мен ордасын орнықтыру жолында сiңiрген баға жетпес еңбегi мен ерлiгi жан-жақты талданды.

Мәжiлiс залына «Ханқорған қалашығының археологиялық зерттеулерi» тақырыбы бойынша Сайрам ауданында жүргiзiлген археологиялық қазба жұмыстары кезiнде табылған жәдiгерлер қойылды. Зерттеу жұмыстары кезiнде табылған заттай дәйектемелерден тұратын жәдiгерлер жайында Бауыржан Байтанаев:

– «Ханқорған» археологиялық ескерткiшi археологиялық, этнографиялық, ресми деректер бойынша зерттелдi. Архив материалдарына сүйенсек, Абылай ханның ұрпағы Кенесары ханның баласы Сыздық сұлтан патша өкiметiмен жүргiзген соғысындағы  құжаттарының арасынан «Мен Арыстың жағасындағы бабам Абылай ханның Ханқорғанына барып тұрамын» деген мәлiмет табылған. Сол архивтiк дерек бойынша бiз Ханқорғанды таптық, – дедi.

Ғалым Сағынғали Әбубәкiров ұлы ханның бiрнеше күй шығарғанын, оның кейбiр күйлерiн танымал өнер қайраткерлерi сахнада орындап жүргенiн мәлiмдедi. Басқосуда Абылай ханның дүниеге келген жылы мен билiк құрған қалалары туралы талас тудырған деректер талқыланды.  Абылай хан туралы көптеген тың мәлiметтер айтылды.+

Айдана ОРАЗ, ОҚМПИ-дiң 3-курс студенті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары