$ 443.85  474.3  4.8

«Мың балада» Мәңгiлiк елдiң ұландары тәрбиеленедi

Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдарды дамытуға көп көңiл бөлiнуде. Шалғай ауылдарда әлеуметтiк нысандар ашылып, ел игiлiгiне берiлуде. Мұның барлығы да 25 жасқа толған тәуелсiздiктiң шарапаты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы Ұялыжар ауылында  бұған дейiн заманауи үлгiдегi балабақша болмаған.  Былтыр жаңадан салынған типтi бөбекжай-балабақша  пайдалануға берiлгенде ауыл тұрғындары қатты қуанды.  Бүгiнде «Мың бала» балабақшасында 120 бүлдiршiн бар. Алты топқа бөлiнген  балақайларға  21  тәрбиешi  тәлiм-тәрбие беруде.

Бөбекжай-балабақшада Аналар күнi, Отбасы күнi, 22 наурыз – Ұлыстың  ұлы күнi секiлдi  мерекелердi атап өту үрдiске айналып келедi. Ұл-қызының талантына тәнтi болған ата-ананың балабақша қызметкерлерiне  алғыстары шексiз.

Жақында балабақшамызда «Алтын күз» мерекесiн өткiздiк. Әр топ  диқан қауымның  ала жаздайғы ауыр да бейнеттi жұмысы туралы көрiнiстер әзiрлеп, бейнеттiң зейнетiндей  берекелi дастарқан, көл-көсiр пейiл турасында тақпақтар  айтып,  ата-аналарды тағы да бiр қуантты. Көкөнiстер көрмесiн ұйымдастырған бүлдiршiндер  әрбiр дақыл есепсiз  төгiлген тердiң өтеуi екендiгiн баяндағанда әсерленбеген жан қалмады.

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Мың бала» балабақшасының бүлдiршiндерi үлкен концерттiк бағдарлама әзiрлеуде. Бүгiнде соның дайындығына құлшына кiрiскен балақайларды көрiп, көз қуанады.

Дүйсенкүл ЖҰМАБЕКОВА, «Мың бала» бөбекжай-балабақшасының меңгерушiсi. Ұялыжар ауылы, Ордабасы ауданы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары