$ 444.32  473.33  4.76

«Отанға қызмет ету – парыз»

Шымкенттегi «Оқушылар сарайында» ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Отанға қызмет ету – парыз» атты облыстық жастар форумы өттi. Жас мемлекеттiк қызметшiлер мен белсендi жастардың қатысуымен өткен шараны облыстық iшкi саясат басқармасы, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң ОҚО бойынша департаментi ұйымдастырды. Аталмыш департаменттiң басшысы Әли Көмекбаев жиынды ашып, жүргiзiп отырды.

Мемлекеттiк қызметтiң ардагерi Абдулла Ахметов сөз сөйлеп, ел болашағы – жастарды мемлекеттiң дамуы жолында адал қызмет етуге шақырды. Облыстық жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi басқарманың бөлiм басшысы Мұхтар Сейiтжапбаров «Мемлекеттiң болашағы – жастардың қолында» атты баяндама жасады. Ал, «Бiзбен бiрге» ерiктiлер мектебiнiң жетекшiсi Ботакөз Iзтiлеу ерiктi жастар қызметiнiң бүгiнгi қоғамда алар орны жөнiнде сөз қозғады. «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бауыржан Молдабеков жастарға үндеу жолдады.

Жиын соңында жастар қонақтармен ашық сұхбат құрып, көкейде жүрген сауалдарға жауап алды.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде оңтүстікқазақстандық жастардың алар орны ерекше. Жас буын өкілдерінің бастамасымен өңірде түрлі іс-шаралар, атап айтқанда: флешмобтар, түрлі байқаулар, суретшілер көрмесі, спорттық сайыстар, ақындар айтысы, жас ақындардың мүшайрасы ұйымдастырылып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары